Тик ток желісінде блогер жас келін қайын әпкесінен оңбай сөз естіді, деп жазады Alash.KZ.
Келіннің айтуынша, қайын әпкесі әдейін ескертпей келген.
"Менің өміріме неге араласа бересіз, мен блог түсіріп ақша табамын, бұл менің өмірім" дейді, жас келін қайын әпкесіне сөз қайтарып.
Оған қайын әпкесі ұрсып:
"Қашан келсем, телефон шұқылап отырасың. Бір шыны шай бергенді білмейсің. Енең отыр ана жақта. Байың жүр далбақтап. Балаларыңның аяғында нәски жоқ, жалаңаяқ жүр үйде. Ыдыс аяғың жуылмай жатқаны анау. Үйіңнің боғы ағып жатыр. Жалғыз түйір қайын апаңмын ғой, келгенде шай берсеңші. Бұл менің бауырымның үйі" деп ашуланады.
Кімдікі дұрыс? Қайын әпкесіне қызмет қылмаған келіндікі дұрыс па, әлде блогерлікпен ақша тауып отырған келініне тиіскен қайып әпкесінің уәжі дұрыс па?
Естеріңізде болса, бұған дейін мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан TikTok-қа тыйым салуды ұсынған болатын.
Қазіргі таңда Қазақстанда 14,1 миллион адам TikTok-қа тіркелген, оның пайдасынан зияны көп деді депутат. Жанарбек Әшімжан Үкіметке сауал жолдап, TikTok-қа ұлттық деңгейде шектеу қоюды немесе толық тыйым салуды ұсынған болатын.