Ақтаулық экоблогер Азамат Сәрсенбаев жанып жатқан қоқыс полигонының видеосын жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Блогердің сөзінше, бұл болашақта туристік Баку мен Дубай болатын қаланың үлкен мәселесі.
"Таңертең күйіктің иісінен ояндым. Түтін бүкіл Ақтауды алып кетті. Негізінде бұл мәселенің себебін білетінмін. Алайда бұл жылдан жылға күшейіп келеді", – депді ол.
Төтеншеліктердің мәліметінше, 15 қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылынан 2,5 шақырым жерде ҚТҚ полигонында қоқыс жанған. Оның ауданы 800 шаршы метр. Қазір атқарушы органдардың қызметкерлері мен техниктері жұмыс істеп жатыр дейді.