Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туған анасы 5 жастағы ұлын қайшымен тіліп өлтіріп тастады

12:15, 06 сәуір 2025 722

Қазанда 27 жастағы әйел бес жасар ұлын қайшымен өлтіріп тастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Telegram-арнасы 112 таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 4 сәуір күні Фучик көшесіндегі пәтерде болған.

Әйел бес жасар ұлына бірнеше рет кесіп-жаншу сипатындағы жарақаттар салған. Бала оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыстан кейін әйел өзі полицияға хабар берген.

Қазір баланың анасы ақыл-есі дұрыс емес күйде екені айтылып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ақыл-ойының тұмандануы осындай қатыгездікке себеп болған.

Ресейдің Тергеу комитеті бұл факт бойынша «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс прокуратура бақылауына алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар