Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев: «Ұсыныс беремін» – Вице-президент және Премьер-министр қызметіне кім тағайындалады?

12:06, 28 тамыз 2026

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тарихи сессияның ашылуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.

Президент Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізетінін айтты.

«Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін.

Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын.

Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын.

Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс.

Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек», – деді Президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар