Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапқан Қосшы қаласының тұрғындары әпкелі-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
КТК арнасының тілшілері Шарджадағы жалдамалы пәтерден мәйіттері табылған бойжеткендердің отбасымен жүздесті. Марқұмдар 2004 және 2006 жылдары дүниеге келген, отбасындағы төрт қыздың ортаншылары екен. Бірі мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, екіншісі домбырада шебер ойнаған. Сұлулық шеберлері ретінде Астанада қас, кірпік және тырнақ өңдеу өнерін меңгерген олар желтоқсан айында екінші рет БАӘ-ге жұмыс істеуге аттанған. Отбасы мүшелерінің айтуынша, бойжеткендер ондағы сұлулық салонында адал еңбек еткен.
Қыздар өңірдегі жағдайға және құжат рәсімдеуге байланысты жоспарланған мерзімнен ұзағырақ қалып қойған. Қайғылы оқиғаның алдында аналарына құжаттары дайын болып қалғанын, осы аптада үйге қайтатындарын айтып қуантқан. Тұрақты әңгіме 17 тамызда өтіп, 18 тамыз күні ата-анасының телефонына:
«Сәлем, мама. Бәрі жақсы. Тамағым ауырып, суықтап қалдым, кейінірек хабарласамын», – деген қысқа дауыстық хабарлама келеді.
Осыдан соң олар байланысқа шықпай қалған. WhatsApp мессенджерінде хабарламалар бастапқыда жеткенімен, кейін тек бір белгі (галочка) ғана тұрған. Жақындарының өтініші бойынша Шарджадағы танысы пәтерді тексермек болған, бірақ оны тұрғын үй кешеніне кіргізбегендіктен, отбасы полиция мен қазақстандық дипломаттардың көмегіне жүгінеді.
23 тамызда туыстарына екі қыздың да пәтерде өлі табылғаны хабарланды. Олардың жеке басы құжаттары арқылы анықталған, ал өлімнің нақты себебі ата-анасына әлі белгісіз. Қыздардың әкесі Мейрам Боханов полицияның күдіктіні ұстағаны туралы хабарлағанын айтты. Жақындары бойжеткендердің зомбылықпен өтірілген болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Дегенмен БАӘ полициясы кісі өлімі нұсқасын да, пышақ жарақаттары туралы ақпаратты да, сондай-ақ болжалды күдіктінің жеке басы мен азаматтығын да ресми түрде әлі растаған жоқ. Марқұмдардың аға әпкесі Меңсұлу қыздардың күмәнді жұмыспен айналысқаны туралы қауесеттерді тарартпауды өтінді.
КТК мәліметінше, марқұмдардың әкесі Шарджаға ұшып кетуі керек. Ол туыстық қатынасты растау үшін ДНҚ-тест тапсырады. Осыдан кейін барып мәйіттерді Қазақстанға жеткізу және отбасына тапсыру мәселесі шешілуі тиіс. Қазақстан СІМ Дубай аймағындағы Бас консулдық отбасына құжаттар бойынша көмектесіп жатқанын және БАӘ билігімен тығыз байланыста екенін мәлімдеді. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланбайды.
Қазіргі уақытта отбасы тек бір ғана нәрсені, яғни Ақжан мен Жұлдызды мүмкіндігінше тезірек елге қайтаруды сұрап отыр.
Марқұмдардың әкесі Мейрам Боханов: «Алып келіп, адамша жерлегім келеді», — деді.