Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев: Таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады

11:33, 28 қазан 2026

Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты.

«Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған.

Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар