Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барады

16:17, 20 желтоқсан 2025

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы 21–22 желтоқсан күндері өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

Ақорда хабарламасында аталған іс-шаралар аясында өңірлік ынтымақтастық пен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланатыны атап өтілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар