Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Alash.KZ.
– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Тоқаев Мағауиннің қазасына байланысты көңіл айтты
Астанада ер адам елордалықтар мен қарағандылықтарды 103 миллион теңгеге алдап кеткен
21:30, 20 қараша 2026
«Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды
18:05, 20 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сын-қатерлерді ескеру қажет. Түрлі болжамдар жарияланып жатыр».
17:05, 20 қараша 2026
Астанада тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» акциясы өтті
16:38, 20 қараша 2026
«Жұмыстың нәтижесін тексеру керек. Жол бермеуіміз керек» – Қасым-Жомарт Тоқаев
15:25, 20 қараша 2026
Орталық Азиядағы алғашқы ел: Қазақстан БҰҰ-ның рейтингінде үздік 20 елдің қатарына енді
11:19, 20 қараша 2026