Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа жобаны қолға алды, деп жазады Alash.kz.
Продюсердің айтуынша, Өскемен қаласында құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріледі.
“Кейде әлсізбін…. Бірақ елдің Дариғасын қолдайтын сіздер бар.
Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын МЧС қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз.
Сіздердің әрбір жылы тілектеріңізді оқып отырмын. Шынымды айтсам, дәл осындай сәттерде қолдау сөздері жанға күш береді, жауапкершілікті одан сайын сезіндіреді.
Бұл фильм мен үшін жай ғана жоба емес. Бұл ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес туралы әңгіме.
Сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Сәттілік тілектеріңіз қабыл болсын. Біз бар күшімізді салып, көрермен жүрегіне жететін дүние жасауға тырысамыз.
Фильмнің аты Соңыра көне қалған сөзді, кім біледі?!“,- деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, продюсер желідегі парақшасында ерекше бейнежазба жариялады. Бейнежазбада Олжас Абай актрисаға тосынсый жасап, жүрек пішіндес раушан гүлдерін сыйлағанын көруге болады.