Әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, көптен сүйінші сұрады, деп жазады Alash.kz.
Жұлдызды жұп ата-әже атанды.
“Сүйінші! Немерелі болып жатырмыз!
Абай атамыздың: "адамның бір қызығы-бала", деген сөзін көп ойлаушы ем, "неге бар қызығы" демеген деп... Келін келіп, Әдиямыз жанымызда жүрген жылға жуық уақыт тіпті, осы "қызықтар" ойымнан шықпай жүрді. Жас кезімізде шынында, баланы бар қызығымыз деп ойлауға уақыт та, сезім де, даналылық та жете бермейді екен ғой.
Әдиямыздың аяғы ауыр, жерік кезінде де тіл-көзден қорғағаным ба, айтпауға тырыстым.
Ал, бүгін жанымды шүберекке түйіп, аман болса екен деп Аллаға жалбарынған сәттердің жемісі - "Сүйінші!" деп, кеудемді керген қуанышпен бөліскелі отырмын.
"Бір қызығымыз" деп жүрген Әділетіміз әке болғанда, атасы мен әжесінің "бар қызығы" болып, жарық дүниеге немереміз келіп жатыр!
"Қыз - ырыс" дейтін қазағымнан айналдым!
Ізгілік пен мейірімнің бастауы болып, мына әлемді қуанышқа бөлейтін кішкентай Адам, қош келдің!
Баршаңызға жұғысты болсын”,- деп жазды Динара Майғазиева.