Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Желмен жарысқан жүйрік болсын»: Қасым-Жомарт Тоқаев арғымақтарын көруге арнайы барды (ФОТО)

20:16, 14 маусым 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды жылқыларын көруге арнайы барды, деп жазады Alash.kz.

Мемлекет басшысы желідегі парақшасында биелерінің құлындағанын жеткізді.

«Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім.

Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым.

«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар