Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

AMANAT "Әділет" партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді

09:37, 15 маусым 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді. 

Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар