Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады

12:16, 14 маусым 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. 

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар