Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қос алтын жүлде». Қуанышты хабар! Қазақстан триатлон құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

19:04, 14 маусым 2026

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Alash.kz Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.

14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар