Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alash.kz.
Ресей президентінің көмекшісі Ушаковтың хабарлауынша, 55 минутқа созылған қоңырауда Путин Дональд Трампты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер мен қос мемлекет арасындағы байланыстарды дамыту жайын талқылаған. Әңгіме барысында АҚШ жетекшісі Үлкен жетіліктің (G7) алдағы уақытта өтетін кездесулері мен байланыстары аясында Еуропа елдері мен Киев билігіне тиісті деңгейде ықпал етуге әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар тараптар АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум төңірегіндегі ахуалды сөз етті. Осы ретте Трамп аталған мәселенің қорытындысын бүгіннің өзінде жариялауы мүмкін екенін айтып, бұл бағытта Ресейге өз ризашылығын білдірді.
Ақ үй басшысы қазіргі қалыптасқан қақтығыстың толық аяқталуы алдағы уақытта Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарын жаңа сапада және оң бағытта дамытуға үлкен перспективалар ашатынын алға тартты. Өз кезегінде Владимир Путин Украина тарапынан жасалып жатқан соққылардың майдандағы негізгі жағдайды түбегейлі өзгерте алмайтынын, алайда Зеленскийдің бәрін теріс айналдырып, әскери іс-қимылдарды ары қарай да жалғастыруға барынша тырысатынын атап өтті. Екі ел арасындағы байланыстарды ширату мақсатында таяу арада америкалық белгілі келіссөз жүргізушілер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресейге арнайы сапармен келеді деп жоспарлануда.