Израиль билігі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран тарапымен жүргізіп жатқан келіссөздеріне өзінің шұғыл наразылығын білдірді, деп жазады Alash.kz.
Ynet ақпараттық порталының таратқан мәліметіне сүйенсек, ресми Тель-Авив Вашингтон мен Тегеран арасында алдағы уақытта жасалуы мүмкін уағдаластықтарды «сәтсіз әрі тиімсіз келісім» деп бағалап отыр. Алайда АҚШ басшысы бұл диалогты өзге мемлекеттермен бірлесе отырып дербес жүргізіп жатқандықтан, Израиль тарапының қазіргі таңда аталған саяси процеске қандай да бір деңгейде ықпал етуге ешқандай мүмкіндігі болмай қалған.
Израиль тарапы бұған былай деп реакция берді:
«Трамп бізді оңдырмай алдап кетті, біз мұның зардабын тарттық».