Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Таза Қазақстан»: Бостандық ауданының прокуратурасы профилактикалық іс-шаралар өткізді

20:29, 15 маусым 2026

Бостандық ауданының прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп жазады Alash.kz.

Акция барысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 505-баптары бойынша 2374 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осыған байланысты Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, көшелер мен қоғамдық орындарды ластамауға, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастауға, сондай-ақ қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырады.

Қаланың тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы бағыттағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар