Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кемсітпеуіміз керек… Бұл - фантастика»: Еділ Жаңбыршин Бибісара Асаубаеваға қолдау білдірді (ВИДЕО)

18:07, 14 маусым 2026

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Бибісара Асаубаеваны кемсітіп, сынамауға шақырды, деп жазады Alash.kz.

Депутат Асаубаева сияқты таланттардың елімізде аз екенін, әлемге танылып жүрген Отандастарымызды бағалай білу керек екенін айтты.

Бізде әлемге танылған спортшылар, өнер майталмандары, ғалымдар - бірең-сараң. Біз оларды тіліне, басқа мәселесіне қатысты кемсітпеуіміз керек. Біз оның жеткен жетістіктерін көтермелеуіміз керек. Жаманды жасырып, жақсыны асыруымыз керек. Бізде ондай таланттар аз ғой. Жоқтың қасы ғой. Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы болу, бұл - фантастика.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар