Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Еліміздің мақтанышы”: Президент Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына енуімен құттықтады

20:13, 15 маусым 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар