Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тауық жұмыртқасы аукционда 270 мвң теңгеге сатылды (ФОТО)

19:00, 25 наурыз 2025 263

Ұлыбританияда тауық жұмыртқасы аукционда 270 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлыбританияда ерекше пішінді тауық жұмыртқасы аукционда 420 фунтқа (шамамен 270 мың теңге) сатылып, әлемдегі ең қымбат жұмыртқа атанды.

Әдеттегі жұмыртқадан айырмашылығы – оның қабығының ерекше сфералық формада болуы. Дәл осы қасиет оны құнды етіп көрсеткен.

“Мұндай жұмыртқа ешкімде жоқ. Тіпті Илон Маскта да дөңгелек жұмыртқа жоқ, солай емес пе?”– деп жымиды BBC тілшілеріне ферма қызметкері Эли Грин. Ол алғаш болып бұл жұмыртқаның ерекше екенін байқаған.

Айта кетейік, Қазақстанда да жұмыртқа бағасы күрт өсуі мүмкін. Себебі сәуір айында православ христиандары Пасханы атап өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар