Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Сайтиев 1996 жылы Атлантада, 2004 жылы Афиныда және 2008 жылы Бейжіңде 74 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.
Ол сондай-ақ алты дүркін әлем чемпионы, бірнеше рет Ресей чемпионаттарында жеңіске жеткен, 1998 жылы Ізгі ниет ойындарының және 2008 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы.
2009 жылы Бувайсар Сайтиев 4-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденіменмарапатталған.