Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал блогердің үстінен іс қозғалды

10:27, 24 сәуір 2025 138

Желіде Qasqir_kz лақап атымен танымал болған блогер Әли-Әскер Байғожин өзінің іүстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлады ALASH.KZ порталы turkystan.kz.

Оның айтуынша, істің қозғалуына «Ганюшкино департаменті» атты сатиралық сериалда сомдаған кейіпкері себеп болған. Аталған жобада блогер құқық қорғау органдарының өкілдерін сомдайды.

«Қазір мені «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартвп жатыр. Оған себеп – менің «Ганюшкино департаменті» сериалындағы кейіпкерім. Сәкен, сен нағыз оңбаған екенсің. Өзiң қиял әлемінде өмір сүресің, ал сотталып жатқан мен», –  деп айтты блогер.

Айта кетейік, блогер Әли-Әскер Байғожин Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Блогер Атырау облыстық ҰҚК департаментінде алты жыл қызмет атқарған. Қызметтен кеткен соң әлеуметтік желілерде күштік құрылымдардың күнделікті өмірі жайлы юморлық жанрда бейнероликтер жариялай бастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар