Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Синоптиктер бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

01 сәуір 2024 288

Қазгидромет ескету жасайды. Алматы, Астана және үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін.

"2024 жылғы 1 сәуірде түнде Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?