Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық: Шерзаттың өліміне кінәлі деп танылғандар туған күн тойлап жүр (ВИДЕО)

15:00, 16 ақпан 2025 870

Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба тарады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ulysmedia.kz хабарлауынша, бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген.

ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

22 қаңтарда полиция былтыр 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Қазір тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазанда Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы адамдар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар