Семей қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен сүлгіге оралған нәрестенің мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz.
Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен жедел тергеу тобы тиісті тексеру амалдарын жүргізді. Полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде 20 жастағы бойжеткен анықталды. Оның айтуынша, ол сәбиді үй жағдайында босанған және нәресте өлі туылған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары нәрестенің мәйітін үйден шығарып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен қала тұрғынын да тапты.

Абай облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысқан екі адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар істің барлық мән-жайын толық нақтылау үшін тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.