Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресейлік блогерді оңдырмай сабаған»: Қазақстандық модель қыздың Балидегі бұзақылығына қатысты жаңа дерек шықты

09:40, 06 ақпан 2026

Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадеевамен қақтығысып қалған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбековаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жәбірленуші тараптың мәлімдеуінше, сот шешімімен отандасымыз төрт аптаға қамалып, ақшалай өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұл туралы хабарлаған Карина Фадеева: «Мен кешірім бердім, ал егер адам бұл жайттан қорытынды шығармаса, онда өмір бәрібір ерте ме, кеш пе өз орнын көрсетеді», — деп атап өтті.

Еске салсақ, жанжал жергілікті барлардың бірінде орын алған. Ресейлік блогердің айтуынша, модель қызғаныштан туындаған ашу үстінде оған шыны бөтелке лақтырып, дене жарақатын салған. Гүлсезім Алтайбекова алғашында кешірім сұрағанымен, кейіннен шығынды өтеуден бас тартқан, соның салдарынан іске полиция араласып, модель ұсталған болатын.

Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы «Мисс ТМД» сұлулық байқауында еліміздің атынан қатысып, танымал болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар