Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлімші етіп сабаған… Көп қан жоғалтқан” - Қазақстандық модельден таяқ жеген ресейлік блогер шағымданды (ВИДЕО)

13:42, 13 қаңтар 2026

Ресейлік блогер Карина Фадеева Бали аралында демалыс кезінде қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың шабуылына тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Блогердің айтуынша, келеңсіз жағдай жергілікті барлардың бірінде орын алған. Фадеева құрбыларымен бірге отырған кезде, көрші үстелдегі компанияның қасында болған бойжеткеннен күтпеген жерден соққы алған. Ол соққыдан кейін есінен танып қалып, кейін тек дәрігерлердің көмек көрсетіп жатқанын ғана сезгенін айтады.

Блогердің сөзінше, ол бұл оқиғадан ауыр жарақат алған. Басы мен ерні жарылып, көп қан жоғалтқандықтан, ауруханада тігіс салынған. Фадеева қазіргі уақытта басының қатты ауыратынын және оң құлағының нашар еститінін алға тартып, арнайы дәрі-дәрмек ішіп жүргенін жеткізді.

Зардап шегуші өзіне қол көтерген модельді бұрын-соңды танымағанын және шабуылдың не себепті болғанын түсінбейтінін айтады. Блогер таныстары арқылы күдіктімен байланыс орнатқанымен, ол тарап өз кінәсін толық мойындамаған. Гүлсезім Алтайбекова болған жайтты “есімде жоқ” деп түсіндіріп, тек кешірім сұраумен шектелетінін білдірген. Алайда Карина Фадеева бұл істі заң аясында аяғына дейін жеткізіп, тиісті жаза тағайындалуын талап етпек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар