Жол-көлік оқиғасы сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында, «Нұр-Мүбарак» мешіті маңында болған, деп жазады Alash.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, BYD такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап, басқарусыз қалған көлік жанында қозғалып келе жатқан Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf көліктері мен №127 бағыттағы қалалық автобусқа соғылған.
Такси жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Қалалық полиция департаменті апатқа жүргізушінің денсаулығындағы ақау себеп болғанын растады. Кейін полиция зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.