Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біздің территория – тек қана өзіміздікі»: Зеленский Донбасс туралы тың мәлімдеме жасады

09:58, 06 ақпан 2026

Украина Президенті Владимир Зеленский Польша Премьер-министрімен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында бейбітшілік орнату мақсатында Донбасты Ресей аумағы ретінде мойындау туралы ұсынысқа қатысты жауап берді, деп жазады Alash.kz. 

Мемлекет басшысы мұндай танудың Кремльге ешқандай пайдасы болмайтынын, себебі оны барлық мемлекеттер қолдамайтынын, ал ең бастысы Украинаның бұл қадамға ешқашан бармайтынын қадап айтты.

Владимир Зеленский өз сөзінде: «Біріншіден, менің польшалық әріптесім айтқандай, барлығы бірдей бұлай істемейді. Ал екіншіден, Украинаның маңызды құжаттарға қол қоятын өз Президенті бар. Украина үшін тиісті маңызды құжаттарға басқа лидерлер қол қоймайды. Сондықтан біздің аумақтар өзіміздікі, тіпті олардың қазіргі мәртебесі «уақытша оккупацияланған» болса да», - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Украина басшысы елдің аумақтық тұтастығына қатысты кез келген маңызды шешімдер тек Украинаның өз ішінде қабылданатынын және басқа мемлекеттердің бұл мәселеде шешім шығаруға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар