Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Заңгер емес, қайдағы мобилограф жүр»: Мейірман Шекеев Конституция комиссиясының құрамы туралы ойын айтты

13:37, 05 ақпан 2026

Алматыда Конституция жобасына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп жазады Alash.KZ.

Жиында заңгер Мейірман Шекеев Конституциялық комиссияға журналистер мен мобилографтар емес, кәсіби заңгерлердің кіруі маңызды екенін айтты.

«Мен де таңғалдым. Қайдағы журналист, мобилограф…Миы керемет істемесе, мұны қайдан біледі? Біз сотта заңмен тікелей жұмыс жасаймыз. Конституция комиссиясының құрамында журналист, мобилограф емес, білікті заңгерлер болуы керек. Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан - мықты заңгерлер. Олардың комиссия құрамына кірмегені мені әлі таңғалдырады», - деді ол. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар