Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ерлан Қарин Конституциялық комиссия құрамындағы журналистер туралы айтты

18:30, 05 ақпан 2026

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссия құрамында журналистер мен тіл мамандары не істеп жүргенін айтты, деп жазады Alash.KZ. 

 - Бірнеше ай бойы жүргізілген үздіксіз жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік тілдегі Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеді. Бұл мемлекеттік тілде құқықтық терминология толық қалыптасқанын білдіреді. Осы орайда, Конституциялық комиссия құрылған кезде «Оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата Заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосуда. Демек, кейбіреулерді мазалаған сұрақтың жауабы да өздігінен белгілі болды ғой деп ойлаймын, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар