Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді

19:02, 05 ақпан 2026

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлайды alash.KZ Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 — Азия ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді. 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтуі қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді. Бұл — біз үшін жинақталған тәжірибеге және қосымша нысандар салуды қажет етпейтін, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған спорттық әрі қалалық инфрақұрылымға сүйене отырып, еліміздің ұйымдастырушылық мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеуге жол ашады. Қазақстан үшін қысқы Азия ойындарын қайта қабылдау — үлкен мәртебе, — деді Геннадий Головкин.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар