Мөлдір Мұқан сұхбаттан кейін Тұрсынбек Қабатов балаларға хабарласқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында экс-күйеуі өз балаларының телефон нөмірін бұғаттап тастағанын айтқан еді. Алайда бұл ақпаратты Тұрсынбек Қабатов жоққа шығарған еді.
“Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына «Әдемі, саған рақмет» деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: «Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет» деп жауап беріпті.
Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл - уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын.
Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Бір-ақ галочка ғана көрінетін. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айуару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым”, – деді Мөлдір Мұқан “Жетінші арнаға” берген сұхбатында.