“Айгөлек” балалар журналының бас редакторы, танымал журналист Қымбат Әбілдақызы қоғамда резонанс турдырған Мөлдір Мұқан мен экс-жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың отбасылық дауына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Сол Мөлдірім ботадай боздап, жаны шырқырап тұрған кезде, оның анасының 13 жасында кетіп қалғанын білемін және мен оның ешқашан күйеуімен жағаласып “мен де жарыққа шығуым керек. Сенде бір ғана әзілкештік өнер болса, сөз өнері болса, менің бойымда неше өнер бар”. Мөлдірдің бойында неше өнер бар. Мен білемін. Ол - сұмдық қабілетті қыз бүкіл жағынан. Ал, соның бәріне “ерін сыйлаған, етекке отырмайды” деген қазақтың керемет тәрбиесі мен ұстанымымен, “Тұрсынбек шықсыншы”, “Тұрсынбек жақсы болып көрінсінші”, “Тұрсынбек, Тұрсынбек” деп. Әдейі істеген жоқ. Көріну үшін істеген жоқ. Өзі ақ көңіл қыз ғой. Ақ адал, жүрегі аппақ қыз ғой. Әлгі сөзі рас. “Мен ешқашан қоқысты да төктірмейтінмін. Үйдің жанындағы базарда бірдеңе алғызбайтынмын” деген әңгіменің бәрі рас. Ал, енді сол адамның шырқырап тұрғанда, шыдамайды екенсіз…