Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасында қызметтік үйден шыққан өрт екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 6 желтоқсан күні болған. Ресми мәліметке сүйенсек, тілсіз жау әскери қызметші мен оның баласының өліміне себеп болған. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қаза тапқандардың жақындарына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетілуде.
«2025 жылы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы Нарынқол шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.