Ақтөбеде 16 жастағы Ислам Төреғали суға кетіп қаза тапқан оқиға қоғамда дүрбелең туғызды. Жасөспірімнің туыстары істің кездейсоқ жағдай немесе суицид деп жабылып қалуынан қорқатынын айтып, қазақстандықтардан әділдікке қолдау сұрап отыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Куәгерлер түсірген видеожазбада жасөспірім моншадан шығып, үйіне қайтып келе жатқан сәті көрінеді. Сол уақытта артынан бір көлік оны бақылап, жарықты өшіріп қойғаны және шамамен 13 минут бойы күткендігі байқалады. Бұл әрекет туыстарда күмән тудырып отыр.
Інісінің әпкесі оның ешқашан белгісіз жерге ескертусіз кетпейтінін айтып, Ислам өте тәрбиелі және әдепті жасөспірім болғанын ерекше атап өтті. Алайда көліктегілердің іс-әрекеті әлі күнге дейін түсініксіз болып отыр.
Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр, ал туыстары кінәлілерді әділ жазалауды талап етуде.