Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны кезінде арам өлген малдың еті тартылып сатылып жатыр ма?

30 мамыр 2024 347

Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су тасқыны кезінде арам өлген мал еті базарда сатылып жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Вице-министрдің айтуынша, базарда сатылатын ет зертханада жіті тексеріледі.

«Менің ойымша, мұндай қауіп жоқ және бұл мүмкін емес. Неліктен? Себебі сауда орындарында ветеринарлық зертханалар етті тексереді. Біз кейбір БАҚ жариялағаннан кейін сауда орындарына барып, тиісті тексерулер жүргіздік. Бірақ мұндай фактіні таппадық. Бүгінгі таңда ветеринарлық қызмет жағдайды бақылауда», - деді Аманғали Бердалин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?