Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Студент баллон шашып, тапанша мен пышақ алып, проректордың алқымына тақап қорқытқан

20:23, 27 маусым 2025 148

Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының 20 жастағы студенті ұсталды, деп хабарлайды Аlash.kz. 

Студент проректордың алқымынан алып, пневматикалық тапаншамен, пышақпен және бұрышты баллоншамен қорқытқан.

Төртінші курс студенті емтихан тапсыруға келіп, проректордың кабинетіне кіріп, баллоншаны шашып, қорқыта бастаған.

ЖОО күзетшілері дабыл түймесін басып, Росгвардия қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген күш құрылымдары студентті ұстады.

Алдын ала ақпарат бойынша, студенттің бұл әрекетке баруына академия әкімшілігінің өкіліне деген жеке араздығы себеп болған. Қазіргі уақытта ол одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар