Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО тұрғыны "соғысқа қатысқаны үшін" сотталды

09:18, 26 ақпан 2026

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Alash.KZ.

Сот материалдарына сәйкес, 25 жастағы Евгений Люфт 2025 жылдың ақпан айында Петропавл қаласынан Ресейге кеткен. Ол Ресей Қорғаныс министрлігімен бір жылдық келісімшарт жасап, әскери әрекеттер аймағына жіберілген.

2025 жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында Украина күштеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан. Сәуір айында мина жарылысынан жарақат алып, ем қабылдаған. Кейін өз еркімен әскери бөлімді тастап, Қазақстанға қайтып келген. Осыдан кейін ол құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған.

Сот отырысында Люфт тағылған айыптарды мойындамай, өзін Ресей азаматы ретінде таныстырған. Алайда сот үкімінде оның Ресей азаматтығын 2025 жылғы 27 маусымда, яғни әскери әрекеттерге қатысқаннан кейін алғаны көрсетілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар