Солтүстік Қазақстан облысында сот мүмкіндігі шектеулі жасөспірімнің құқығын қорғап, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды, деп жазады Alash.KZ
СҚО сотының дерегіне сүйенсек, сотқа баланың анасы жүгінген. Ол ұлының ерте жастан бері ювенильді идиопатиялық артрит сияқты созылмалы дертпен ауыратынын жеткізген. Бұл ауру буындардың ауырсынуына, қозғалыстың шектелуіне және аяқ-қолдың деформациясына әкелуі мүмкін. Осы себепті бала тұрақты түрде дәрігерлердің бақылауында болып, ұзақ уақыт ем қабылдаған. Оған қоса, тізе буындарына ота жасалып, үйден оқыту белгіленген.
Алайда өткен жылдың қазан айында қайта тексерістен өткен кезде өңірлік сараптама комиссиясы баланың мүгедектігін растаудан бас тартқан. Олар бұл шешімді ағза қызметінде тұрақты бұзылыстардың жоқтығымен түсіндірген.
Істі қарау барысында сот сараптама жүргізу кезінде бірқатар процессуалдық талаптардың бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, тексеруге міндетті мамандар — ревматолог, травматолог және ортопед қатыспаған. Яғни, комиссия шешімді тиісті бейінді дәрігерлерсіз қабылдаған.
Бірінші сатыдағы сот комиссия шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Ал СҚО сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімді қолдап, рәсім талаптарының сақталмауы қорытындының заңдылығына тікелей әсер еткенін атап өтті.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
СҚО-да комиссия мүмкіндігі шектеулі жасөспірімге мүгедектігі үшін берілетін ақшаны неге қиып тастаған?
«Әлі де уақыт бар, мықты болып ораламыз»: Елдос Сметов алдағы жоспарын бөлісті
19:06, 30 қыркүйек 2026
Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық іс туралы тың ақпарат шықты
17:00, 30 қыркүйек 2026
Астана қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді
17:00, 30 қыркүйек 2026
"ЖІӨ 306 млрд долларға жеткен". Қазақстан экономикасы Тоқаев кезеңінде қалай өзгерді?
15:27, 30 қыркүйек 2026
Желіде балағат сөз айтып, әдептен озған екі танымал тиктокер бес тәулікке қамалды
15:19, 30 қыркүйек 2026
«Жаңа мүмкіндік»: Қазақстан мен Германия білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
15:00, 30 қыркүйек 2026
«Қазақмыс» Шу ауданында 800 млн теңгеге 9 әлеуметтік жобаны іске асырады (ВИДЕО)
13:13, 30 қыркүйек 2026
«Бір апта суда жатқан»: Зайсан көліне батып кеткен екі балықшының мүрдесі табылды (ВИДЕО)
12:18, 30 қыркүйек 2026
«Өз бауырын аяусыз өлтіріп, 18 күн бойы туыстарымен бірге іздеген»: БҚО-дағы оқиға елді шошытты
11:09, 30 қыркүйек 2026
"Ұлан-асыр той! Келін түсірдік": Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті
10:53, 30 қыркүйек 2026
«Ештеңе керек емес»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы уәжін айтты
10:42, 30 қыркүйек 2026
«Күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған»: Шымкенттік әйелдің қылмысы әшкере болды (ВИДЕО)
10:22, 30 қыркүйек 2026
«Соғысты дереу тоқтату оңай емес… Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады» – Тоқаев
09:51, 30 қыркүйек 2026
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңдағы ойындарда есе жіберді (ВИДЕО)
09:37, 30 қыркүйек 2026