Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО-да 42 жастағы әйел өзін өртеп, ауыр күйікпен ауруханаға түсті

18:43, 30 сәуір 2026

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының тұрғыны өзін өртеп жібермек болды. Ауыр күйік шалған әйелдің өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр, деп жазады Alash.KZ 

Оқиға 30 сәуір күні түнгі сағат 2:00 шамасында Астраханка ауылында болған. 1984 жылы туған әйел үстіне бензин құйып, өзін өртеп жібермек болған. 

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің денесінің 80-90% күйіп қалған. Жағдайы өте ауыр. Бірақ есін біледі. 

– Аққайың аудандық ауруханасынан санавиациямен Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Әкелгеніне көп болған жоқ, қазір дәрігерлер тексеріп жатыр, - дейді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар