Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соңғы рет көріп тұрғандаймын: Айгүл Елшібаева студияда жылап қалды

09:27, 12 ақпан 2025 695

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева  «1001 түн» студиясында қонақта болды. Сұхбат кезінде көзіне жас алды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Дәстүрлі өнерде жүрген өнерпаздарға қиын. Қасқырға тән қайсар мінез болмаса, эстрадамен қатар жүріп, жарып шығуымыз керек. Бірақ анамның қасында әрқашан сәбимін. Қазір анам 80-нен асты. Жас кезімізде бала болдық, өнерде жүрдік. Нағыз көмек берер кезде анам қартайып қалды. Сол жүрегіме батады. Өзі сияқты «ақ көкем» десем, таниды. Сол сөз арқылы оның жүрегін елең еткізетін сияқтымын. Анама барған сайын соңғы рет көріп тұрғандай сезімде боламын», - дейді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар