Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сіз бен біз қолданатын танымал жөргектің ішінен ине табылып, сәбидің аяғын шаншып өткен

12:00, 21 наурыз 2025 589

Жас ана Анастасия кішкентай қызына жапондық YokoSun жөргектерін сатып алды. Алайда көп ұзамай жөргекті ауыстырғаннан кейін сәби жылап, айқайлай бастағанын байқады. Бір сағаттан кейін Анастасия жөргектің ішінен ине тауып алды, ол осы уақыт бойы сәбидің аяғын шаншып тұрған, – деп хабарлайды Alash.kz.

Таңғалған әйел бірден брендтің қолдау қызметіне жүгінді, бірақ ол жердегілер “бұл мүмкін емес” деп жауап берген.

Одан кейін компания жағдайды зерттеудің орнына Анастасияны өздерінің Telegram-арнасынан бұғаттап тастаған.

Анастасияның айтуынша, ине жөргекке өндіріс кезеңінде түскен болуы мүмкін. Ол қаптаманың толықтай герметикалық болғанына сенімді.

“Оқиғадан кейін қаптаманы миллиметріне дейін мұқият тексеріп шықтым – ешқандай зақым болмады”, – дейді әйел.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар