Заңбұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайырымдылық қоры 28 отбасының қыздарын өз қамқорлығына алған.
Кейбір оқушы қыздар онда бірнеше ай болса, басқалары үш жылға дейін тұрған.
Мамандардың айтуынша, қор әділет органдарында ресми тіркелгенімен, балалар мен жасөспірімдерді оқытумен айналысуға құқығы жоқ.
Қордың қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.