Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шығын өтеледі" - Перизат Қайраттың дүние-мүлкі аукцион арқылы сатылатын болды

13:50, 04 қыркүйек 2025 200
 

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп жазады Alash.KZ.

- Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде, ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, Перизат Қайратқызы қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар