Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шүкір, осы күнге де жеттік!»: Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалықты айтты (ВИДЕО)

16:15, 02 шілде 2026

Танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы маңдайалды жоғары оқу орындарының бірін сәтті тәмамдап, өзінің жоғары білім туралы дипломын иемденді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мөлдір Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сүйіншілеп, көпшілікпен бөліскен. Желі қолданушылары мен оқырмандар қауымы өнер иелерінің отбасындағы бұл елеулі жетістікке жылы лебіздерін білдіріп, жас маманның болашағына сәттілік тілеп, құттықтауларын жаудыруда. Анасы өз жазбасында бұл дипломның артында үлкен қажырлы еңбек пен төзімділік тұрғанын ерекше атап өтіп, қызының алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне зор сенім білдірді. Сондай-ақ, ол перзентінің амандығы мен денсаулығын тілеп, өмір жолында әрқашан жанынан табылып, қолдау көрсететінін жеткізді.

Мөлдір Мұқан тұңғыш перзентінің үлкен өмірге қадам басқан сәтіндегі толқынысын былай деп жеткізді:

«Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік! Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін! Барлық аналардың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!»

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар