Астанадағы LRT желісінде электр кабелі өртеніп, соның салдарынан пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтап қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елордалық LRT желілерінің бірінде электр кабелінен өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріспес бұрын, LRT мамандары қауіпсіздік үшін желідегі электр қуатын толықтай өшірді. Осыдан кейін мамандар арқаға асынатын арнайы аспалы өрт сөндіргіштің көмегімен тілсіз жауды жылдам ауыздықтады.
Ресми мәліметке сәйкес, жалын шамамен бір поггондық метр кабельді шарпып үлгерген. Қазіргі уақытта қоғамдық көлік желісіндегі өрттің шығу себептері мұқият тексеріліп, анықталып жатыр.