Бүгін Қазақстанның Еңбек ері, қазақтың біртуар халық ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туған күні, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақстанның Еңбек Ері, абыз қаламгер Мұхтар Шаханов көзі тірі болғанда бүгін, 2 шілдеде 84 жасқа толар еді.
1942 жылы дүние есігін ашқан ұлы тұлға өзінің соңынан өшпес мұра қалдырып, отандық поэзияны мүлде жаңа белестерге шығарды. Оның бүкіл шығармашылық жолы мен туындыларының өзегі ұлттық рухты оятуға, ана тілінің мәртебесін көтеруге, төл тарихымызды түгендеуге және қоғамдағы әділеттілікті орнатуға арналды. Мұхтар Шаханов халықтың есінде тек отты да жалынды жырларымен ғана емес, сонымен бірге ел басына күн туған сәттердегі, қоғамдағы ең өзекті де түйткілді мәселелердегі батыл азаматтық ұстанымымен, қайсар мінезімен де мәңгілікке сақталып қалды.