Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әрқайсыңызға алғысым шексіз!»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

11:27, 02 шілде 2026

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзінің жұбайына арналған жаңа әнін көпшілікке таныстырып, отбасындағы берік сезімді сақтаудың басты сырымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Әнші өз жазбасында жұбайлар арасындағы махаббат пен сыйластықты ұзақ жылдар бойы аялап өтудің маңыздылығына тоқталып, мұның тек бір ғана адамның күш-жігерімен жүзеге аспайтынын атап өтті. Жаңа шығарманы тыңдаған желі қолданушылары әншінің жазбасының астына жылы лебіздерін аямай, жұлдызды жұптың отбасына ақ бақыт тілеп жатыр.

«Сезімімді міне, 30 жылға жуық мөлдір күйінде сақтап келе жатқан ақ жігітімді шоколад қылып алдарыңызға алып шықтым. Жаңа әніме жылы лебіз білдіріп, жақсы пікір қалдырған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз! Иә, сезімді сақтай білу де, аялай білу де – үлкен өнер. Бірақ ол ешқашан бір адамның ғана еңбегімен болмайды. Екі жүрек бірдей ықылас танытып, бір-бірін түсініп, құрметтеп, бағалай білгенде ғана сезім уақыттың сынынан сүрінбей өтеді. Баршаңыздың жүректеріңіздегі мөлдір сезім ешқашан солмасын!» – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар