Алматы қаласының № 2 Бостандық аудандық соты ORDA ақпараттық порталының негізін қалаушылардың бірі әрі бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты қылмыстық істі қарауға кірісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот отырысы алдында журналистерге сұхбат берген Гүлнәр Бажкенова жеті айға созылған тергеу амалдары кезінде өзінен небәрі екі-ақ рет, оның өзінде тек 15 минуттан ғана жауап алынғанын айтты. Оған қоса, қорғаушысы Мұрат Адам лицензиясынан айырылғаннан кейін басқа заңгерлер оның мүддесін қорғаудан бас тартқан, соның салдарынан Бажкеноваға мемлекет тарапынан тегін қорғаушы тағайындалған.
Қазіргі таңда экс-бас редакторға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, көрінеу жалған ақпарат таратты, сондай-ақ бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденді немесе талан-таражға салды деген айыптар тағылып отыр.